🇰🇿🇨🇳 Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.https://t.co/yRv1fwmmSe pic.twitter.com/xtC4V5S7tQ
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
2023 жылғы
ҚХР, Сиань қаласы
Президент өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард доллардан асты, – деді Мемлекет басшысы.
Президент кеше көне Сиань қаласында жоғары деңгейдегі қазақ-қытай келіссөздері өткенін айтты.
– Біз Төраға Си Цзиньпинмен бірге екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, нақты келісімдерге қол жеткіздік, бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Жалпы, менің Қытайға мемлекеттік сапарым ойдағыдай өтті деп сеніммен айтуға болады. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің арасындағы тығыз ынтымақтастыққа зор серпін береді. Қазақстанда Қытай қаржысы жұмсалған бірқатар ірі компания табысты жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде CNPC, CITIC, NFC, Sinopec, Huawei сияқты корпорациялар бар. Дегенмен біз ынтымақтастығымыздың әлеуетін одан әрі игеруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұнай-газ саласы талай жылдан бері табысты әріптестіктің негізі болып келеді.
– Біз мұнай экспортын көбейту үшін «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қолданыстағы құбырлардың (яғни, «Атырау-Кеңқияқ» және «Кеңқияқ-Құмкөл») мұнай тасымалдау мүмкіндігін арттыру да өзекті мәселе. Қазір мұнай өнімдерін тұтыну көлемі артып келеді. Сондықтан Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік әлеуетін жылына 6-дан 12 миллион тоннаға жеткізу көзделген. Біз бұл салада көптен бері CNPC-мен бірге табысты жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан үшін газ өңдеу қуатын арттыру және газ тасымалдау жүйесін кеңейту басым бағыттың бірі саналады. Осы ретте «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді мұнай құбырының екінші желісін салу өте маңызды. Сондай-ақ Қашаған кен орнында жылына 4 миллиард текшеметр газ өңдейтін зауыт салуға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отырғанына назар аударып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға дейін 15 пайызға жеткізу міндеті тұрғанын мәлімдеді.
– Мемлекет бұл салаға инвестиция салуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, біз электр қуатын 20 жылға дейін аукциондық тарифпен сатып алуға кепілдік береміз. Бұл тариф жыл сайын инфляцияны және валюта бағамының өзгерісін ескере отырып белгіленеді. Қытайлық әріптестерімізді осы саланың инвестициялық мүмкіндігін қарап көруге шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажет екенін атап өтіп, KAZ Minerals және NFC компанияларының мыс қорыту зауытын салу жөніндегі бастамасын толық қолдайтынын айтты. Бұл кәсіпорын іске қосылғанда шикізат экспорты азаяды. Елімізде өндірілетін мыс концентратын түгелдей өзіміз өңдейміз.
– Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Атап айтқанда, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды. Отандық кәсіпорындар алюминий, мыс пен мырышты арзан бағамен сатып алады (Лондон металл биржасындағы бағалардан 5 пайызға арзан). Бұдан бөлек, ішкі нарықтың сұранысын толық өтеу үшін осы металдардың экспортын ретке келтіру жоспарда бар, – деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміз сирек кездесетін металдардың мол қорына ие екенін айтып, осындай кенді өндірудің және өңдеудің озық технологиясын енгізуге мүдделі екенімізді жеткізді.
– Қытайда электромобиль жасау ісі қарқынды дамуда. Сол себепті литий өндіру саласындағы серіктестікті нығайтудың болашағы зор. Соңғы жылдары елімізде қытай көліктеріне деген қызығушылық арта түсті. Chery, Jac, Exeed және Haval брендтері – ең көп сатылатын автокөліктер қатарында. Бұл саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп жатырмыз. Қазақстанда қытай автокөліктерін құрастыру қолға алынуда. Бүгін екі елдің компаниялары тиісті келісімдерге қол қояды, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер бар екеніне назар аударды.
– Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті. Қытайдың «Alibaba Group», «JD.COM» сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. JD.COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады. Болашақта өзара сауда-саттығымыз арта түсетіні анық. Біз осыны ескере отырып, жаңа кеден қоймаларын ашуға белсене кірістік. Осы орайда серіктестерімізге тауарын біздің қоймаларымызда сақтауды ұсынамыз. Мұның логистика тұрғысынан алғанда өте қолайлы екенін айта кеткен жөн. Сонда Орталық Азия мен Қытайдың арасында екі бағытта да тауар тасымалдау мерзімін азайтуға мүмкіндік туады, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының пікірінше, ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін мол саланың бірі – агроөнеркәсіп. Жуырда Қытайға бір миллион тонна бидай жеткізу жөнінде келісім жасалды. Оның көлемін бірнеше есе арттыруға болады. Сондай-ақ соңғы бес жылда Қазақстаннан Қытайға экспортталған майлы дақылдардың көлемі 3,5 есе, өсімдік майы 2 есе артты. Сонымен қатар Президент елімізді қант өнімімен толық қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізіп, Қытай компанияларын қант өндірісін дамытуға белсене атсалысуға шақырды.
🇰🇿🇨🇳 Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.https://t.co/yRv1fwmmSe pic.twitter.com/xtC4V5S7tQ
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту мәселесін де қозғады. Қытай Батыс Еуразияның ауқымды нарықтарына Қазақстан аумағы арқылы шыға алатынына инвесторлардың назарын аударды.
– Мұндай тасымал жолы өте ұтымды екені сөзсіз. Біз Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығын салуға баса мән беріп отырмыз. Орталық Азияға, Еуропаға, Түркия мен Иранға контейнер пойыздарын тікелей жөнелту ісінде осы орталық негізгі хаб болады. Біз Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» темір жолын іске қосуды жоспарлап отырмыз. «Достық – Мойынты» арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда темір жол арқылы жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік туады. Еуропа мен Азия арасындағы транзитті жандандыру үшін Транскаспий бағдарын дамыту маңызды деп санаймын. Бұл бағыттың болашағы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Президент қытайлық іскерлік орта өкілдерін қаржы саласындағы серіктестікті нығайтуға шақырып, оларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының артықшылықтарын айтып берді. Қазір Қаржы орталығында 73 елдің 1 800-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың оннан бірі – Қытай компаниялары. Оған қоса, келешекте China International Capital Corporation (CICC) ұйымы Қазақстанда өзінің аймақтық бөлімшесін ашуды ойластырып жатыр.
Президент сөзінің соңында елімізде инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бүгінгі кездесу екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін нығайта түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар жиын барысында CITIC Group басқарма төрағасы Чжу Хэсинь, China National Petroleum Corporation (CNPC) төрағасы Дай Хоулян, Asian Infrastructure Investment Bank вице-президенті Шукнехт Людгер, POWERCHINA компаниясының төрағасы Дин Яньчжан, China General Technology Holding (GENERTEC) басқарма төрағасы Юй Сюйбо, СOFCO компаниясының төрағасы Цзинь Лю, Xuzhou Construction Machinary Group (XCMG) президенті Лу Чуань, JD Group басқарма төрағасының орынбасары Вэй Е, Sun Seven Star Investment Group басқарма төрағасы У Чжэн, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group басқарма төрағасы Цзя Хэи, Great Wall Motors вице-президенті Чжан Цзюньсюэ сөз сөйледі.
Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazak-kytay-investiciyalyk-dongelek-usteline-katysty-184172
🇰🇿🇨🇳 Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.https://t.co/yRv1fwmmSe pic.twitter.com/xtC4V5S7tQ
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023
Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.